Желіде қызу талқыланып жатқан бейнежазба аз уақытта мыңдаған қаралым жинады
Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіктің тойдағы биі желіде қызу талқыға түсті
Видеодан скриншот
7,131
оқылды

Әншілер Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіктің тойдағы биі әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Instagram желісінде тараған бейнежазбада бұл кеш Мейрамбек Бесбаевтың жарына арналған мерейтой екені айтылған.

Видео көпшілік назарын аударып, пікір білдірушілер екіге бөлінді. Бір тарап өнер иелерінің көңілді сәтін жылы қабылдап, «өмірге құштар, шынайы адамдар» деп бағаласа, екінші тарап бұл әрекетті оғаш көріп, сынға алды.