Namys Fighting YouTube-арнасына берген сұхбатында танымал файтер Головкинді сынға алған сәтін еске алды.
Қуат Хамитов өзін Генадий Головкинмен салыстырып, оны неге сынағанын айтты
328
оқылды

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов өзін әйгілі боксшы Геннадий Головкинмен салыстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Namys Fighting YouTube-арнасына берген сұхбатында танымал файтер Головкинді сынға алған сәтін еске алды.

Неліктен мен бір кезде Головкинді сынадым? Бір кезеңде ол жекпе-жекке шығып, бәрін жеңіп жүрді. Сол кезде мен армандаған жекпе-жекті Головкин мен Андре Уордтың кездесуін көргім келді. Головкин 73 килограмға дейінгі салмақта, ал Уорд 76 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсетті. Головкин сол кезде жеңілмеген «монстр» болатын, бірақ үш-ақ килограмға көтерілуден бас тартты. Кездесу болмады, ал ол жекпе-жекті  бүкіл әлем күткен еді.

Ал мен ше? Мен 70 килограммдық салмақтан бірден 25 килограмға көтерілдім. Енді мені «көтеріліп алып, ұтылды» деп сынайды. Ал адамдар өз салмағында жүріп-ақ бірінші немесе екінші раундта нокаутпен ұтылады, үйдегідей «ұйықтап» қалады. Ал мен 100 килограммдық «монстрмен» жарақатпен, оң қолсыз шықтым, бірақ соңына дейін айқастым. Жеңілсем де, берілмедім, «ұйықтаған» жоқпын,-деді Хамитов.