Салтанатты жиынды Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров ашып, қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтады.
Республика күніне орай Алматыда марапаттау және партияға қабылдау рәсімі өтті
665
оқылды

Бүгін «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалында Республика күні мерекесіне орай марапаттау және жаңа мүшелерді партия қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Іс-шараға партия белсенділері, қоғам қайраткерлері, білім, бизнес және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Салтанатты жиынды Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров ашып, қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтады.

Ол өз сөзінде Алматы қаласының егемен еліміздің қалыптасу тарихындағы ерекше орнын атап өтті.

«Республика күні – халқымыздың еркіндігі мен тәуелсіз ел болуға деген жігерін және бірлігін бейнелейтін айрықша мереке. Бүгін біз ел дамуына, қоғамдағы тұрақтылық пен ынтымақты нығайтуға сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттап, партиямыздың жаңа мүшелерін қабылдап отырмыз. Егемендігіміз мәңгілік, бірлігіміз бекем, Қазақстанымыз өркендей берсін!» – деді Станислав Канкуров.

Іс-шара барысында партияның белсенді мүшелері «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, Партия Төрағасының Құрмет грамотасымен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұл марапаттар азаматтардың партияның мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға және қоғамдық-саяси өмірге қосқан еңбегін айқындайды. Сондай-ақ, Мұғалімдер күніне арналған «Мұғалім Talks» жобасы аясында еліміздің білім беру жүйесіне зор үлес қосқан ұстаздарға Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаттары табысталды.

Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Партия қатарын ғылым, кәсіпкерлік, құқық және жастар саласында еңбек етіп жүрген белсенді азаматтар толықтырды. Олар өз еңбегімен ел мен партияның дамуына үлес қосуды мақсат етіп отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.