Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Чех республикасының президентіне құттықтау жолдады
263
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Президент құттықтауында екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталып, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал чех халқына құт-береке тіледі.