АҚШ Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау басқармасының басшысы Стивен Хан коронавирустың вакцинасын тестілеу қанша уақытқа созылатынын атады, - деп жазады 24.kz.
Ханның мәлімдеуінше, бұл бірінші сатыдағы сынақ, бұл вакцинаны жарамды деп, мақұлдау үшін 12 ай қажет.
Еске салайық, бұған дейін американдық ғалымдар адамға коронавирустан вакцинаны клиникалық сынауды бастады. Сиэттлдегі Kaiser Permanente Washington Research зерттеу институтының сынақтарына барлығы 45 ерікті қатысады, олар бір ай ішінде екі дозадан вакцина қабылдайды.