Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы
«Поэзия» номинациясы: Имандылық – қазақтың тамырында
151
оқылды

Авторы: Жарқайың

 

Адалдық – ата-баба аманаты,

Бабалар өткен Алламен жақындасып.

Имандылық – Құранмен нұрланады,

Ізгілікке үндейді келсе уақыт.

 

Тәубемен басталатын таңымыз бар,

Сәждеге бас иілген шаңырақпыз.

Бабалар сүрген жолымен жүрсек егер,

Бақыттың бағынан адаспаспыз.

 

Құлшылық – қуат берген күндерге де,

Жаңбырдай себелейді жүрекке нұр.

Кетті ұрпақ нәпсінің жетегінде,

Шайтанның торына оранды бір?

 

Азанмен оянбайтын бар ауылын,

Мешітке кірмей өскен көп баласы.

Әжесі Құран оқыса, қымсынатын

Немере бар қазірде – жан жарасы.

 

Бірлік және имандылық жұтылғанда,

Қоғамның күйрейтіні хақ нәрсе еді.

Ақша - атақ қуса жас ұрпақтар,

Құндылық құмға сіңген судай кетті.

 

Мұсылман – шынайы дос, шынайы ер,

Жалғанның сәніне ұрынбаған.

Ал қазіргі кей жастардың арманында –

Тренд, лайк, атақ қуу – құлдыраған.

 

Құлақтан кіріп, бойды алған ән емес,

Жүректі өрлететін Құран керек.

Ақиқат іздеп жүрсек, асыл дінде,

Бақыт кілті сонда ғана – іздесен тек.

 

Ата-ананы сыйлаған ұрпақ өссе,

Шын бақыт осы емес пе, ағайын!

Нәпсіге емес, нұрлы иманға ұмтылсақ тек

Қазақтың қайта жанар ақ арайы.

 

Қара жер, көк аспанның қожасы ма?

Сенген жан – тіршіліктен түңілмейді.

Жаратқан сыйлаған әрбір таңға,

Шүкірлік шын жүректен себелейді.

 

Ислам – жүректерде тұрса мәңгі,

Қазағым қайғы көрмес, мұңға батпас.

Өр рухпен, иманмен құлшынғанда,

Намыс – найза, ары – алтын, сенім - жоймас!

 

Тіл мен дінің – қос қанатың, қазағым,

Бірін жұлса, мүгедек боп қаласың.

Бүгінгі таңда біздегі бар бірлігіміз –

Түп тамырдан жылынып нәр аласын.

 

Әр үйде азан үні жаңғырса екен,

Тазарар - жүрек оқыса тәнмен Құранды,

Жақсылық – жанға дауа, иман – ғұмыр,

Бір Алла жеткізер бар арманды.

 

Тамырдан нәр алмаса терек қурар,

Иман нәрі бойға тарап ашылған гүл.

Құранмен сусындап өссе ұрпақ,

Жарқырар жер бетінде әр жаңа күн.

 

Ар мен ұят киелі туымыз бар,

Ата-баба аманаты жүректерде.

Пенде боп өткіншіге алдансақ та,

Сол аманат жоғалмас білектерде.

 

Ораза ұстаса ұл-қызың нұр төгілсін,

Құлшылықтан көңілінің кірі кетсін.

Жетім және жесірге жанашыр боп,

Қоғамның дауысы биік жетсін!

 

Көшеде қаптаған азғырулар,

Нәпсіні еліктірген мыңдаған тор.

Бір Аллаға сыйынған жүрек қана

Сол тұзақтан аман өтіп, табады жол.

 

Әйел – ардың, еркек – елдің айнасы,

Сағынады бала кезгі шанырақты.

Құран ұстап, ақ әже мен аталардың

Маңдайдағы нұр шуағын сағынады.

 

Ел баласы бесіктен-ақ білу керек,

Текті елдің тіл мен дінін, жолын адал.

Жат халықтын ұғымын жұтпау үшін,

Бесігінен бастау тиіс алғаш қадам.

 

Адал еңбек – азығы жүректің де,

Бір уыс харам етпес қуанышқа.

Халалдан табыс тапқан әрбір қазақ,

Алла алдында, сәждеде мақтана алмақ.

 

Тас мешіт тұрғызғанмен, жүректер бос,

Әлі де жетпегенбіз мұраттарға.

Әуелі ішкі әлемді түзетейік,

Сонда көркейеді айнала да!

 

Құлақтан кіріп, бойды алған сонау әуен

Жанымызды ластап бір барады ма?

Тек иманды естен шығармаған ел,

Ұшар ма дара құстай, құлайды ма?

 

Намаз тіректің мықты іргетасы,

Шүкір байлықтың ең негізі.

Жаратқаннан тілесек шын ниетпен,

Берері шексіз болмақ теңіздейі.

 

Тілегім әр қазақ баласы үшін:

Иман жүрегіне нық бекінсін.

Бір-біріне дұға етіп жүрсе халқым,

Бірлігі де, бақыты да өсіп-толсын!

 

Жан жарығы Ислам асыл дінім,

Көңілімнің тынысы, сенген тірек.

Әлемнің бар сырын тап түбінен.

Алланы ұлықтаған әрбір жүрек

 

Бабалар жолыменен жүру керек,

Сол жолда төгілсе де маңдайдан тер.

Әр намаз – жанға шипа, рухқа қорек,

Әр дұға – тағдырыңның жолын түзер.

 

Заманның дауылы көп тұрса да,

Иманы берік ел сынбайды, ұғынып ал.

Құлшылық еткен жан қашанда

Алла алдында жүректі тазалап ал.

 

Әр таңды бісмілламен ашқан қандай?

Әр істі Алла атымен баста күнде.

Пәле-жала сырт айналып қашқан қандай?

Береке кіріп, бақ орнар әрбір үйге!

 

Әр нәрседе сынақ бар, сабыр керек,

Сабыр еткен озар да, асар бөлек.

Жұмақтың есігі де ашылады,

Қиналмай, бір Алладан жәрдем тілеп.

 

Күнә болсын, үміт үзбей, алға қара

Раббынның мейірімі шексіз, берік.

Тәубемен қайта оралар әрбір жүрек,

Сонда ғана табамыз шын жеңістік.

 

Ең бастысы алданба нәпсі әніне,

Жүрегінде жарқырасын иман нұры.

Құбылаға қарап қайта бетті бұрып,

Иманға кел, Иманға кел бауырым

 

Жақсылықпен жарысқан ел болайық,

Тек әділдікпен алға басқан ер болайық.

Құранмен нұрланған кеуделерде,

Дұға тілеп, көркейтген ел болайық!