Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстігі мен орталығында бұрқасын соғып, қар жауып, жел күшейеді және көктайғақ болады.
Қар жауып, көктайғақ болады: 6 қарашаға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
506
оқылды

Қазгидромет 6 қарашада ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстігі мен орталығында бұрқасын соғып, қар жауып, жел күшейеді және көктайғақ болады. 

Астанада кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Ақмола облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–25 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–25 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, жаяу бұрқасын соғады және көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады және көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Абай облысында түнде оңтүстігінде және орталығында, күндіз батысында және солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысында оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі.

Алматы қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жетісу облысында таулы аудандарда көктайғақ және тұман түседі. . Алакөл көлдерінің маңында солтүстік-батыстан 23–28 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысында оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.  

Түркістан облысында оңтүстігінде, батысында және таулы жерлерінде тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.