Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.

Ертең Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды.

Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.