Қазақстанда коронавирустан 3 адам көз жұмды делінген әлемдік карталар мен онлайн есеп ресурстарында.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар жоқ екенін айтты.
Біз бұл ақпаратты жоққа шығарамыз. Бүгін Қазақстанда коронавирустық инфекцияның тағы бес жағдайы расталды. Қарағандыда екі оқиға бар, олар - 0324 Минск-Қарағанды рейсінің жолаушылары, 1971 және 1972 жылы туған. Алматыда үш жағдай расталды: 1982 және 1979 жылы туған екі қыз Берлиннен ұшып келген. 1997 жылы туған үшінші азамат Франциядан келген. Қазіргі уақытта Қарағандыда екі оқиға, Алматыда 22 және Нұр-Сұлтанда 25 адам. Барлығы 49 болып отыр. Барлық 49 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, Қазақстанда коронавирустан өлім жоқ, - деді Ахметшәріп.