Жерасты дүмпуі сағат 11:58-де тіркелген.
Түркияның Мәрмара аймағында 4,5 магнитудалы жер сілкінісі болды
istockphoto.com
1,287
оқылды

Түркияның Балыкесир қаласының Сындырғы ауданында 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

AFAD мәліметінше, жер сілкінісінен кейін ешқандай теріс салдар байқалмаған, тексеру жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр.

Жерасты дүмпуі сағат 11:58-де тіркелген. Зілзала ошағы шамамен 7,14 шақырым тереңдікте болған. Ауданда афтершоктар жалғасуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз