Қауіпті көкөністер Шымкент қаласында табылды, - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік өкілдері Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Иран Ислам Республикасынан келген қиярдың үлкен партиясынан қауіпті зиянкестердің бірі – «Батыс гүлді трипс» вирустық зиянкесін анықтады.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынды. 62 тоннаға жуық қауіпті қияр тәркіленіп, дереу жойылды.