Өңірлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 32 миллиард теңге бөлінеді
Өңірлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 32 миллиард теңге бөлінеді
© сурет интернеттен алынды
5,168
оқылды
Өңір тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 32 миллиард теңге бөлінеді, - деп мәлімдеді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.
"Үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қаралған. Бұл жұмыстарға 32 миллиард теңгеден аса ақша бөлу жоспарланып отыр (республикалық бюджеттен – 14,8 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен – 18 миллиард теңге)", - деді Тоғжанов.
Сондай-ақ, ол қажет тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң заңды шаралар қолданылатынын ескертті.