Женевадағы әйгілі Сотбис аукционында Наполеон Бонапартқа тиесілі гауһар тас көмкерілген түйреуіш 4,4 миллион долларға сатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Бұл сома бұйымның бастапқы бағасынан 17 есе қымбат.
1810 жылы Париждегі зергерлік шеберханада жасалған әшекейге 13 караттық гауһар мен көптеген асыл тас орнатылған. Аңыз бойынша, Наполеон Ватерло шайқасынан кейін оны өзі мінген күймесінде қалдырып кеткен.
Кейін әшекей Пруссияның үшінші королі Фридрих Вильгельмнің қолына өтіп, ұзақ жылдар бойы Гогенцоллерндер әулетінің мұрағатында сақталған.