Лондондағы әйгілі OVO Arena Wembley сахнасында алғаш рет Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.
Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертінен кейін жанкүйерлері қоршап алып, қазақша ән айтты
440
оқылды

Димаш Құдайбергеннің «Stranger» жеке туры аясындағы концерті Лондонда өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Концерттен кейін жанкүйерлері әншіні қоршап алып, жібергісі келмей әншінің көлігін қоршап алды. 

Видео әншінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Жанкүйерлерінің ықыласына бөленген әнші, көліктен шығып, оның төбесіне шығып, сол жерден автографтар беріп, олармен бірге фотоға түсті.

Осы сәтте жиналғандар хормен оның «Ұмытылмас күн» әнін орындады.

— Бұл видео концерттен кейін біз тоқтаған қонақүй алдында түсірілген. Барлығына алғыс айту үшін көлік төбесіне шығуға тура келді, — делінген видеоға жазылған мәтінде.