Ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді.
«Бізге 6 жыл бұрын сынақ келді...»: танымал актердің жұбайы жан сырын ақтарды
1,189
оқылды

Танымал актер Артур Төлеповтің жұбайы ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді.

«Ерекше бала анасымын дегенге таңғалып жатырсыздар. Ерекше бала деген нақты бір диагнозы бар. Өкінішке қарай біздің басымызға да осындай сынақ келіп түсті 6 жыл бұрын. Үлкен бір сынақ деп те қабылдамаймын мен бұны. Жеңіл түрде қабылдаймын. Жеңіл қабылдауымның себебі – жолдасымның сол уақыттағы үлкен қолдауы. Жалпы6 жеңіл қарайтын адамдардың қатарынанбыз. Жеке өмірімді көп сала бермеймін. Сондықтан таң5алып жатқан шығарсыздар. Бірақ алдағы уақытта жоспарда бар бар бөлісу. Бірақ әлі дайын емес екенмін. Нақты нәтижеміз болған кезде бөлісеміз», - деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.