Шетелде туристік сапармен жүрген 1350 қазақстандық елге оралды
Шетелде туристік сапармен жүрген 1350 қазақстандық елге оралды
© azattyq-ruhy.kz
5,209
оқылды
Үкіметтің туристік мақсатпен шетелге шыққан азаматтарды шұғыл қайтару туралы шешіміне байланысты «Туристік Қамқор» ҚҚ туристерінің құқықтарын кепілдендіру жүйесінің әкімшілігі отандастарымызды қайтару процесін бастады, - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. 2020 жылдың 17-19 наурызы аралығында Қазақстан аумағына 1350 турист қайтарылды, 32 туристке жеке авиабилет сатып алынды. Қор есебінен 5 914 туристі шығару жоспарлануда.
«Бортты әуеге көтеру – оңай іс емес, ал ТЖ жағдайында  шекаралардың, транзиттік аймақтардың барлық жерде жабылуына, валюта бағамының өзгеруіне және тағы басқа мәселелерге байланысты бұл жұмыс одан әрі күрделене түседі», - деп атап өтті қор төрағасы Ирина Рей.
Бұл қорғау шарасы 11-13 таңбалы коды бар туристерге ғана арналған. Шетелде қиын жағдайға тап болған барлық турист 8 (7172) 279112 жедел желі нөмірі бойынша хабарласа алады немесе www.fondkamkor.kz сайтына кіріп, «Туристке шұғыл көмек» формасын толтыра алады.