Алматы қаласы әкімінің орынбасары тұрғындарды көшеге шықпауға шақырды
Алматы қаласы әкімінің орынбасары тұрғындарды көшеге шықпауға шақырды
© zakon.kz
165
оқылды
Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов алматылықтарға карантин кезінде көшеге шықпай, үйінде отыруға кеңес берді.
Екі қалада карантин жарияланды, вирусты одан әрі таратпас үшін. Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтарымызға денсаулықты сақтаудың ең жақсы әдісі - үйде, отбасыңызда болу және сыртқа шықпау екенін ескерте кеткім келеді. Мұндай ресми тыйым жоқ, бірақ қажеттілік болмаса көшеге шықпауға, көп су ішуге, С дәруменін пайдалануға кеңес беремін, - деді ол.
Ол өзінің иммунитетін нығайту үшін пияз, сарымсақ жеп, С дәруменін тұтынып жүргенін айтты. Ұйқының да денсаулыққа пайдалы екенін айтқан ол әзірге бұл жағы өзіне бұйырмай жатқанын да жеткізді. Кеше түнде ол үш сағат қана ұйықтапты.