19-20 наурызға қараған түні Алматы қаласынан 100 мыңнан астам адам шығып кеткен, деп хабарлады zakon.kz coronavirus2020.kz-ге сілтеме жасап.
"19 наурызда тәулік ішінде 27 блок бекет арқылы 4 383 көлік, 45 956 адам кірсе, 3 884 көлік, 47 325 адам шыққан. 20 наурызда 17 810 көлік, 49 018 адам кірсе, 10 772 көлік, 54 700 адам шығып кеткен. Блок бекеттердегі ахуал тұрақты", - деді Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов.
Еске сала кетейік, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланғанын жазған болатынбыз.