Бұл туралы ресми ақпарат жоқ
АҚШ Венесуэлаға қатысты құпия операциялардың жаңа кезеңін бастайды - Reuters
611
оқылды

АҚШ билігі Венесуэлаға қатысты әрекеттердің жаңа фазасын іске қоспақ. Бұл туралы Reuters агенттігіне аты-жөнін жарияламаған бірнеше америкалық ресми өкіл хабарлады.

Дереккөздерге сүйенсек, алғашқы кезең құпия тәсілдерге негізделмек. Мақсат — Венесуэладағы саяси жағдайға ықпал ету және Мадуро билігін әлсірету.

Операцияның басталу уақыты мен ауқымы әзірге жария етілмеді.