Нидерландта парламент отырысында есінен танып қалған министр отставкаға кетуге өтініш берді
Нидерландта парламент отырысында есінен танып қалған министр отставкаға кетуге өтініш берді
© Сурет ғаламтордан
366
оқылды
Нидерландта парламент отырысында есінен танып қалған денсаулық сақтау министрі Бруно Брюинз отставкаға кету туралы өтініш берді, - деп хабарлайды NOS.
Дереккөз мәліметінше, ол қатты шаршағандықтан жұмыстан кету туралы шешім қабылдаған. Енді оның міндетін көмекшісі Уго де Йонг атқарады. Еске салайық, осыған дейін Нидерландта денсаулық сақтау министрінің парламент отырысында есінен танып қалғаны хабарланған болатын. Министр мінберде сөз сөйлеп тұрған сәтте есінен танып қалған. Министр су ішкен соң ғана есін жиған. Оқиғаның видеосы жергілікті БАҚ-тарда жарияланған болатын.