Өнер иесі "Жібек жолы" телеарнасының «Бүгін.live» бағдарламасында берген сұхбатында ұлының таңдауына құрметпен қарайтынын жеткізді.
«Ешқандай талап қоймаймын...»: Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келіні туралы айтты (видео)
964
оқылды

Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Света Айтбаева болашақ келіні туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі "Жібек жолы" телеарнасының «Бүгін.live» бағдарламасында берген сұхбатында ұлының таңдауына құрметпен қарайтынын жеткізді. Әнші ұлының үйленіп, шаңырақ көтеретін сәтін күтіп жүргенін жасырмады.

"Кез келген ата-ананың арманы – баласын аяқтандыру. Сәті түскен бір күні болар. Әзірге Димаш білесіздер, жылдың аяғына дейін жоспарланған концерттері бар. Тығыз күнтізбемен қарбалас болып, ары-бері жүгіріп жүр. Маңдайға жазылғаннан асып кете алмайсың дейді ғой. Сол маңдайға жазылған бір жақсылығы бар деп сенеміз. Талап қоймаймын, кім болса да бұйырғаны. Кім болса да, құшақ жая қарсы аламыз. Қатаң бір тәртіп қоймаймыз, бірақ жақсы бір кеңестерімізді айтып, өзіміздің әулеттің қағидаларын айтып, өзімізге қарай баулитынымыз рас", - деді Света Айтбаева. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от JIBEK JOLY (@jibek_joly.tv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.