Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платфор­масына қатысып, сөз сөйледі. Президент ең алдымен әкімдер халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші екенін еске салды.
Ауылға айрықша мән беріледі
652
оқылды

– Бүгінгі жиынның мән-маңызы ай­­­­рықша. Еліміздегі барлық дең­гей­дегі атқарушы билік өкілдері осы жер­­­ге арнайы шақырылды. Ауыл әкім­­­­­­­дерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ау­­қымды құраммен алғаш рет бас қо­­сып отырмыз. Шын мәнінде, та­қы­­рып – өте өзекті. Ауылдың жағ­дайы – еліміз үшін стратегиялық маңы­зы бар мә­селе. Себебі халқы­мыз­дың тамыры – ауылда. Ауыл­да­ры­мыз мықты бол­са, еліміз де бе­ре­ке­лі болмақ. Сондықтан ауыл әкім­­­деріне қойылатын талап та, оларға жүк­те­летін міндет те әрдайым ерекше. Әкім – ең алдымен, халықпен тіке­лей жұмыс істейтін мемлекеттік қыз­метші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауыл­дағы ағайынның өмірін жете тү­сінетін нағыз іскер маман болуы ке­рек. Жаңа ғана бірнеше әкімнің сө­зін тыңдадық. Айтылған ой-пікір­лерді және ұсыныстарды мұқият зер­делеп, жұмыс барысында міндетті түр­де ескеру қажет, – деді Мемлекет бас­шысы.

Президент осы орайда 2020 жыл­ғы халыққа Жолдауында ауыл әкім­де­рін тікелей сайлау туралы бастама кө­тергенін тілге тиек етті. Бұл – мем­ле­кетті басқару ісін түбегейлі жаң­ғыр­ту жолындағы аса маңызды қа­дам. Себебі жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналады. 

– Сондықтан біз орынсыз асы­ғыс­тыққа жол берген жоқпыз, ауыл әкім­дерін сайлау жұмысын 5 жылдың ішін­де біртіндеп жүзеге асырдық. Бү­кіл еліміз бойынша 2334 ауыл әкі­мі сайланды. Олардың орташа жасы – 43 жас. Жаңадан сайланған әкім­дер­дің үштен бірі – бұрын мемлекеттік қыз­метте болмаған азаматтар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ауылдағы сай­лау саяси партиялардың аймақ­тар­дағы жұмысына тың серпін бер­геніне көңіл бөлді. Олар өз үміт­кер­ле­рін ұсынып, сайлауға белсене ара­­­ласты. Саяси ұйымдардың 1500-ден астам өкілі әкім болып сайланды. Жаңа басшылардың қатарында алты партияның мүшелері бар. Ал 700-ден астам азамат өзін-өзі ұсынып, сай­лауда жеңіске жетті. 

– Сайланған әкімдер жұмысқа кі­рі­сіп кетті, жалпы нәтиже жаман емес деуге болады. Ең бастысы, олар жер­гілікті жұрттың мұң-мұқтажын, ше­шімін таппай жатқан түйткілдерді жақ­сы біледі. Ауыл-аймақтың да­муына бөлінген бюджет қаражаты да тиімді игеріле бастады. Ауылдардың кірісі көбейді, мемлекет тарапынан берілетін қаржыға, яғни дотацияға тәуел­ділік азайып келеді. Жақында жүр­гізілген сауалнамаға сәйкес ауыл тұр­ғындарының 84 пайызы өз әкім­деріне сенетіні анықталды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Сондықтан ауыл әкім­дерін сайлау үдерісі алдағы уа­қыт­та да жалғасын табады, – деді Президент.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев аудан әкімін сайлаудың тиім­ді-тиімсіз тұстарын мұқият сара­лау­ды тапсырды. 

– Ал аудан әкімдерін сайлауға қа­тысты әртүрлі көзқарас бар. Бір­қа­тар қоғам қайраткері мен белсенді азаматтар «аудан әкімдерін сайлау қажет пе, жоқ па» деген мәселені қай­та қарауды ұсынуда. Бұл мәселені Ерлан Саиров, Альберт Рау, Мар­ха­бат Жайымбетов бастаған депутаттар да көтерді. Олар елде сайлау тым кө­бейіп бара жатқанын, жұрт саяси нау­қандардан мезі бола бастағанын айту­да. Бұл пікірді ауыл және аудан тұр­ғындары да қолдап жатыр. Сайлау нау­қандары жергілікті жерде жүр­гі­зілуге тиіс нақты жұмыстарға кедергі кел­тіруі мүмкін деген пайымдар да бар. Бұл пікірлерді ескерген жөн. 

Осыған дейін аудан әкімдерін сай­лау тәсілі арқылы 52 әкім сай­лан­ды. Енді олар­дың қалай жұмыс іс­тейтінін қарап көру қажет. Аудан әкі­мін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұс­тарын мұқият саралау керек. Мә­селе – аудан әкімдерінің сайлауын мін­детті түрде өткізу емес, басты мақ­сат: біз оң нәтижелерге қол жет­кізуі­міз керек. Үкімет және Парла­мент депутаттары бірлесіп, осы мә­се­лені жан-жақты қарап, әділетті, дұ­рыс шешім қабылдауы қажет. Ең бас­тысы, әрбір реформа салмақты көз­қараспен, байыппен жасалуы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент кадрлар құрамын жаңарту үде­рісі биліктің бүкіл тар­ма­­ғында және бар­лық деңгейде жүр­гізі­ліп жатқанын айт­ты. 

– Бәріңізге белгілі, елдегі өз­ге­ріс­тердің ар­қасында мемлекеттік қыз­мет­ке мүлде жаңа адамдар келіп жа­тыр. Осы орайда Президенттік жас­тар кадрлық резервін ерекше атап өткен жөн. Резервке қосылуға өті­ніш берген 30 мыңға жуық үміт­кердің ішінен 450 адам іріктеліп алын­ды. Олардың 72 пайызы басшы­лық қызметке тағайын­далды. Кадр­лар құрамын жаңарту үдерісі биліктің бүкіл тармағында және барлық дең­гейде жүргізіліп жатыр. Бұл – уақыт та­лабы. Бірақ осындай жауапты жұ­мыста саяси науқаншылдыққа жол бер­меу керек. Ең алдымен, тиімді ұсы­ныс айтып, пайдалы бастамалар кө­теретін, батыл шешім қабыл­дай ала­тын азаматтарды, яғни кәсіби тұр­ғыдан білікті мамандарды мем­ле­кет­тік қыз­метке көптеп тарту қажет. Біз осы маңыз­ды жұмысты жалғас­тыра береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан басшысы ауылды өр­кен­дету – баршаға ортақ парыз еке­нін жеткізді. Мем­лекет бұл мәселеге ерек­ше жауапкер­ші­лік­пен қарайды. 

– Өздеріңіз білесіздер, 2022 жылы ха­лыққа ұсынған сайлау алдындағы бағ­дарламада ауыл мәселесіне ай­рық­ша назар аудардым. Алғашқы Жар­лығым да ауылды дамытуға ар­нал­ды. Соған сәйкес Қазақстан Рес­пуб­ликасының ауылдық аумақтарын да­мытудың 2023-2027 жылдарға ар­нал­ған тұжырымдамасы әзірленді. Қа­зіргі таңда осы құжатқа сай нақты жұ­мыс атқарылып жатыр. Жуырда ға­на Ауыл еңбеккерлерінің екінші фору­мын өткізіп, осы саладағы өзек­ті мәселелерді қарадық. Ал бүгін ауыл-аймақтардың даму бағдарын ай­қындаймыз. Бұл – мемлекеттің ал­дында тұрған страте­гия­лық мін­дет­тің бірі, – деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы ауыл­да­ғы оң өзгерістерге тоқталды. 

– Соңғы жылдары ауыл тұрғындарының тұр­мыс сапасын арттыру үшін тиісті жұмыс жүр­гізіліп жатыр. 2022 жылы халықтың та­бы­сын арттыруға арналған кешенді жоспар қа­былданды. Биыл Үкімет алдағы бес жыл­ға арналған Өңірлерді дамыту тұжы­рым­да­масын бекітті. Ауылға қомақты инвестиция тар­тылды. 2021 жылдан бері ауыл халқына ал­ғашқы медициналық-санитарлық көмек көр­сететін 864 нысан салынды. Сондай-ақ 388 жаңа мектеп ашылды. Былтыр 2 мыңға жуық ауыл мектебіне сапалы интернет бе­рілді. 

Жыл өткен сайын ауылдың әлеуеті ар­тып келеді. Өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі жо­ғары ауылдардың саны көбейе түсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі алты жыл­да 1,5 еседен астам өсіп, 8,3 триллион тең­геге жетті. Биыл ауылдағы шаруаларға 1 три­ллион теңге көлемінде қолдау көрсеттік. Дәл осындай мемлекеттік қолдау көрсеткен ел­дер көп емес, тіпті бұл көптеген ел қол жет­кізе алмайтын қаржылай көмек деуге бо­лады. Алайда алдымызда биік мақсаттар тұр: біз ауылдағы жағдайды жақсартып, жұмысты күшейтуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазіргі ауыл әкімдерінің 60 пайызға жуығы осы қызметке алғаш рет сайланғанына тоқталды. Бұл – жергілікті билік құрамы біршама жаңарды деген сөз. 

– Алайда сайлауда жеңіске жету – алдағы үлкен жұмыстың басы ғана. «Әкім болдым, толдым» деп отыруға болмайтыны түсінікті. Әкімдер өздерінің мықты басшы еке­нін іс жүзінде дәлелдеуі керек. «Бас­шы­ның бағы – ел-жұрттың қамы» деп бекер айтылмаған. Нағыз елге сыйлы әкім болу үшін ауылдың ахуалын жақсы білу де аздық етеді. Халықтың сенімін ақтап, елдің бере­ке-бірлігін нығайту үшін жұмыс істеу керек. 

Әкім мемлекеттік деңгейде жасалып жат­қан өзгерістерді жергілікті жерде жүзеге асыруға қабілетті болуы қажет. Кәсіби тұр­ғыдан білікті әрі еңбекқор әкім сай­лау­шы­лардың сенімін ақтай алады. Сондықтан ауыл әкімдерінің басқару ісіндегі шеберлігін арттыру өте маңызды. Әкімдердің арасында бұрын билік жүйесінде жұмыс істемеген аза­маттар бар екенін айттық. Олардың тә­жірибесі аз екені түсінікті. Осы бағытта «AMANAT» партиясының бастамасымен «Әкімдер мектебі» жобасы қолға алынды. Әрине, мұндай курстар жоғары білімнің ор­нын баса алмайды. Сондықтан уни­вер­ситеттерде оқытылатын «Мемлекеттік жә­не жергілікті басқару» бағдарламасын та­лап­қа сай өзгерту керек. Ауыл-аймақтарды бас­қару, көшбасшылық қабілетті дамыту мә­селесі назардан тыс қалған. Ал бұл жұ­мыс­пен ең алдымен Мемлекеттік қызмет іс­тері агенттігі шұғылдануы керек. Құзырлы ми­нистрлікпен бірлесіп, ауыл әкімдерін даяр­лауға белсенді түрде кірісу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін нақтылау жөнінде тапсырма берді. 

– Ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін кү­шей­ту керек. Бірақ мұны халыққа пайдасы тие­тіндей мұқият ойластырып іске асырған жөн. Соңғы жылдары жергілікті билік ор­ган­дары кезең-кезеңімен қосымша өкі­лет­тікке ие болып, олардың дербестігі арта түс­­ті. Бұл – менің нақты ұстанымым. Өйт­ке­ні ауыл әкімдері елдегі ағайынның тұр­мыс-тіршілігіне қатысты түйткілдерді ше­шумен айналысады. Қазіргі уақытта Мә­­жіліс «Жергілікті мемлекеттік басқару жә­не өзін-өзі басқару туралы» заңға енгі­зі­ле­тін түзетулерді қарастырып жатыр. Атал­ған нормалар әкімдерге көше саудасына мо­­ниторинг жүргізуге, қоғамдық аумақ­тар­ды абаттандыруға, арнаулы техникалар са­­тып алуға қатысты өкілеттіктер беруді көз­­дейді. 

Дегенмен заңнаманың екіұшты тұстары да бар. Мәселен, әкімдерге жергілікті дең­гей­­дегі басқару органдарының жұмысына оң ықпал етуге нақты мүмкіндік берілмейді. Бүгін әкім Ирина Шишкина ауыл әкім­де­рі­нің мемлекеттік дерекқорына қолы жет­пей отырғанын айтты. Бұл мәселені шешу қа­жет. Міне, осындай кемшіліктердің сал­дары­нан әкімдер тұрғындардың талап-тіле­гін орындай алмайды. Ашығын айтқанда, кей­бір жағдайда дәрменсіз күйге түседі. Оған жол беруге болмайды. Жергілікті мем­лекеттік басқарудың түрлі деңгейлері ара­сындағы жауапкершілік шегі анықталмаған. Бұл өңірлердегі жағдайға кері әсер етеді. Ауыл әкімдерінің өкілеттіктері айқын бол­уы керек деп санаймын. Заңнамалық түзе­ту­лерді талқылаған кезде депутаттарға осы жайттарды ескеруді ұсынамын. Сондай-ақ осы жиында ауылдық округ әкімдері көтерген ұсыныстарды да ескерген жөн.

Бүгін сөз алғандар ауыл әкімдеріне функ­­ционалдық міндетіне кірмейтін қыз­мет­терді қоса атқару жүктелгені жөнінде айт­ты. Шын мәнінде, ауыл әкімдері құқық қорғау органдарының құзыретіне жататын міндеттерді неге атқаруға тиіс?! Үкімет Мем­лекеттік қызмет істері агенттігімен бір­лесіп, аудан және ауыл әкімдерінің құ­зыретіне жатпайтын, қайталанатын және же­тіспейтін өкілеттіктерін анықтау мақ­са­тын­да жағдайға егжей-тегжейлі талдау жүр­гізуге тиіс. Бір ай ішінде оларды түзету, жою немесе жергілікті мемлекеттік басқару са­тылары арасында қайта бөлу туралы ұсы­ныс енгізуді тапсырамын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ауыл әкімдіктері қыз­меткерлеріне жағдай жасаудың маңы­зына назар аударды. Аталған ұсыныс бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенін, тіпті Пре­зидент Әкімшілігіне тиісті өтініштер түс­кенін сөз етті. Сондықтан мемлекеттік қыз­­метшілердің санаттарын нақты белгілеу керек. 

– Үкімет Парламентпен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен осы мәселелерді жан-жақты қарастырып, бір ай ішінде өз­дерінің ұсыныс-пікірлерін беруге тиіс. Со­дан соң шешім қабылданады. Ауыл әкім­діктерінің қызметкерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлген жөн. Әкімдіктерде, әсіресе ауыл әкімдіктерінде бұрын жұмыс істеген не­месе қазір де еңбек етіп жүрген азаматтар мұны мемлекеттік қызметшінің нағыз өмір мектебі деп бекер айтпайды. Бұл баршаға түсінікті. Өйткені әкімдік қызметкерлері билік пен бұқара арасында сенімді әрі сын­дарлы диалог жүргізуді меңгеріп, нағыз басқару машығын жетілдіреді. Сол себепті ауыл әкімдіктері қызметкерлерінің жұмыс іс­теуіне, олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне жағ­дай жасау маңызды деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент «Жергілікті мемлекеттік бас­қару және өзін-өзі басқару туралы» заңда әкім­нің сайлаушылар алдындағы жауап­кер­шілігін нақтылайтын норма жоқ екенін сын­ға алды. 

– Әкімдер тұрғындарға сайлау алдын­да­ғы бағдарламасының орындалуы туралы жиі есеп беріп тұруға тиіс. Мұны заңмен бе­кіту керек. Уәдесін орындамайтын, мін­детін дұрыс атқармайтын ауыл басшысын қыз­метінен босату тетіктері қарастырылуы қа­жет. Ондай әкімдер халықтың талабымен не­месе саяси партиялардың ұсынысымен жұ­мыстан шығарылуға тиіс. Сонда әкім болу­ға үміткерлер де елге экономикалық не­гізі жоқ құрғақ уәде бере алмайды. Мұн­дай жалаң сөздер, яғни популистік әре­кет­тер халықтың ауыл әкімдеріне, тіпті тұтас сайлау институтына деген сенімін азайтуы мүм­кін. Үкімет әкімдердің сайлау ал­дын­да­ғы бағдарламасының экономикалық бө­лігіне қойылатын талаптарды айқындауы ке­рек. Сапалы дайындалған бағдарламаны ай­мақтың даму жоспарымен үйлестіруге бо­лады. Жалпы, осындай шаралар әкім­дер­дің есептілігін күшейтеді. Сондай-ақ өз үміт­керлерін ұсынған партиялардың жауап­кершілігін арттырады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде азамат­тар­дың өтінішін қарауға қатысты ауқымды жұ­мыс жүргізіліп жатқанын еске салды. Қа­зір ауыл әкімі бірыңғай ақпараттық жүйе ар­қылы тұрғындардың мәселелерін еш қиын­дықсыз сараптай алады. Өтініш жол­даған әрбір адамның сауалына нақты жауап берілуге тиіс. 

– Әдетте, мұндай хаттардың көбі аймақ­тағы инфрақұрылым, соның ішінде жол, аула және балалар алаңы туралы болады. Бұл – жергілікті жерде шешімін табуға тиіс не­гізгі мәселелер. Бірақ әкімдіктер көп жағ­дайда мұндай өтініштерге атүсті қарай­ды. Амалы таусылған жұрт орталыққа, тіпті, Президент Әкімшілігіне шағымдануға мәж­бүр. Азаматтардың өз әкіміне деген се­нім деңгейін осындай хаттардың санынан бай­қауға болады, – деді Президент. 

Мемлекет басшысы жыл өткен сайын ха­лықтың талап-тілегі артып келе жат­қа­нын ескертті. Бұл – бүкіл әлемге ортақ үр­діс. Әкімдер халыққа құрметпен, шы­дам­ды­лықпен, түсіністікпен қарап, азамат­тармен ашық әңгіме жүргізуге тиіс. 

– Олар барлық мәселені мүмкіндігінше өз деңгейінде шұғыл және сапалы шешуі қа­жет. Бірақ бұл міндетті атқару үшін жер­гілікті әкімдердің қолында тиісті құзыреті болуы керек. Атқарылып жатқан жұмыстың мән-жайын үнемі жұртқа түсіндіріп отыр­ған жөн. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» де­ген. Әрине, айтылған ұсыныс-пікірге на­зар аудару керек. Бірақ әркімнің, әсіресе іс-әрекеті ерсі, ниеті теріс, тіпті арандатушы адамдардың ығына жығылмай, жетегінде кетпей, ақылға қонымды ұсынысты ғана қа­былдау қажет. Негізі, бұл – барлық дең­гейдегі әкімдерге ортақ ұстаным. Тұрғын­дарды ортақ іске жұмылдырып, алға бастай білетін әкімді нағыз әкім деуге болады. 

Мен жақында «Қазақстан Республикасы іш­кі саясатының негізгі қағидаттарын, құн­дылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұл – әрбір мем­ле­кеттік қызметшінің, әсіресе әкімдердің жұ­мысына бағдар беретін өте маңызды құ­жат, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент төртінші деңгейлі бюджеттің дербестігін арттыруды тапсырды. 

– Әкімдердің өкілеттігін қайта қарау мен жауапкершілігін күшейту эконо­ми­калық ресурстарды рационалды бөлумен қатар сауатты жүргізілуге тиіс. Әйтпесе, атал­ған бағыттағы реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Ауылдық округтердің өзін-өзі қамту деңгейін арттыру мақсатында бюд­жеттің төртінші буынына салық пен төлемдердің 25 түрі берілді. Жаңа Бюджет кодексі аясында бұл тізбекке кең таралған пай­далы қазбаларды өндіру салығы да қо­сылды. Төртінші деңгейлі бюджет енгізіл­ген­нен бері (2018 жыл) ауылдық округ­тер­дегі түсім төрт есе ұлғайтып, 130 миллиард теңгеден асты. Оң өзгеріс байқалады. 

Алайда ауылдық округтер аудан мен об­­лыстың қаржылай қолдауынсыз әлеу­мет­тік-экономикалық мәселелерді әлі де шеше ал­майды. Оған қоса, кейбір өңірлерде жер­гілікті бюджетте халықтың саны мен ауыл­дық округтердің экономикалық құры­лы­мы­на байланысты алшақтық бар. Біз тұ­рақ­ты салық түсімінің басым бөлігін жер­гілікті жерлерге, ең бастысы, аудандық дең­гейге бердік. Бұл – өте дұрыс. Десек те жер­гілікті өзін-өзі басқару бюджетіне қол­дауды күшейту қажеттілігі туындап отыр. Өйткені қазір оған тиісінше қаражат бөлін­беген. Ақиқатында, кей кәсіпорындар ауыл­­дық округтерде пайда табады, жер­гі­лік­ті тұрғындардың еңбегін қолданады, бірақ салықты өздері тіркелген аудан не­месе қала бюджетіне төлейді. 

Сондықтан Үкімет бұл қағидатқа тең­герімді тәсіл қолдану мүмкіндігін қарас­тыр­ғаны дұрыс болар еді. Қанша дегенмен жергілікті жерлерге де қандай да бір кіріс түсуі қажет қой. Яғни, «салықты жұмыс іс­тейтін және табыс табатын жерде төле» қа­ғидатын іске асырған жөн. Үкіметке беріл­ген тапсырма түсінікті: кем дегенде кіріс­тің бір бөлігі жергілікті жерде қалуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев салық-бюджет үде­рістерін жетілдіруге қатысты бірнеше тапсырма берді. Президенттің сөзінше, заң­ды тұлғалардың мүлік және жеке табыс са­лығының белгілі бір бөлігі аудандардың қосымша трансферттері арқылы төртінші деңгейлі бюджетке аударылғаны жөн. Мұ­ның бәрін Үкімет өңірлер арасындағы ал­шақ­тықты реттеуді көздейтін Аймақтық стандарттар жүйесімен ұштастыруы қажет. 

– Бірқатар өңір тұрғындары үшін эко­ло­гиялық айыппұлдарды толық төлеу аса өзекті мәселе. Өндіріс орындары эколо­гия­ға шектен тыс зиян келтіретін елді мекендер тұр­ғындары мұндай төлемдердің бір бөлігі жер­гілікті бюджетке түскенін қалайды. Олар бұған толық құқылы. Байқалған тең­сіз­дікті реттеп, мемлекеттік саясаттың ашық­тығын, тиімділігі мен әділдігін қамта­ма­сыз ету үшін біз салық-бюджет үдеріс­те­рін жүйелі түрде жетілдіре береміз. Бұл – Үкімет жұмысының маңызды бағыты. Үкі­мет өңірдегі бюджет деңгейлері ара­сын­да қазынадан қаржы алуға лимит қою мә­се­лес­ін қарастыруы керек, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ауылдық округтер әкім­дері өздерінің кеңейтілген өкілет­тік­терін толық іске асырып, салық түсімдерін ұл­ғайту мақсатында қолданыстағы ақпа­рат­тық платформалармен жұмыс істей білуі қа­жет екенін жеткізді. 

– Цифрлық Қазақстанды ауылдар мен ауыл­дық округтерсіз құру мүмкін емес. Жа­сан­ды интеллект пен жаппай цифрландыру дәуі­рінде бұл іске ауыл әкімдері де белсенді түр­де атсалысқаны жөн. Елді мекендерді цифрландыру ауыл мен қала тұрғын­дары­ның тұрмыс сапасын айтарлықтай теңес­тіре­ді. Сондықтан Үкімет бұл бағыттағы жұ­мысты басты басымдықтардың бірі ре­тін­де қарастыруы қажет. Жергілікті жер­лер­ден алынған нақты әрі жедел ақпарат ор­та­лықта тиімді шешімдер қабылдауға мүм­­кіндік береді. Сондай-ақ экономикалық дерекқор негізін қалап, ресурстарды әділ бөлуге ықпал етеді. Алдағы үш жылда Қа­зақ­станды толықтай цифрлық елге ай­нал­дыру – жаңа даму кезеңіндегі басты мін­деттердің бірі. Болашақта еліміздің әлемде ала­тын орны осыған тікелей байланысты. Сон­дықтан мұ­ны тіршілік үшін талас десек, ар­тық айтқандық емес, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өркениет көшінен қалмай, технологиялық жаңғыруды жылдамдату қа­жет екенін ескертті. 

– Осы аптада Президент Дональд Трамп АҚШ-тың технология саласындағы жаһан­дық үстемдігін қамтамасыз етуге арналған стратегиялық бастамасын жариялады. Ол үшін жасанды интеллектінің бірыңғай плат­формасы құрылады. Бұл ғылыми зерт­ханаларды, дата орталықтарды, цифрлық модельдерді және суперкомпьютер желісін біріктіретін ұлттық ақыл-ой алаңы болмақ. Аталған жүйе барлық аса маңызды бағыт бойынша жаңа технологиялар мен мате­риал­дарды әзірлеуге тың серпін береді. Ол жартылай өткізгіштерден бастап роботты техникаға дейінгі, ядролық энергетикадан бастап биомедицинаға дейінгі салаларды түгел қамтиды. Бұл арада зерттеу жобасы жайын­да емес, АҚШ-ты осы салада әлемдік көшбасшыға айналдыратын толыққанды платформа жөнінде әңгіме болып отыр. 

Мұны іске асыру үшін бір жылға жетер-жет­пес мерзім беріліп отыр. Сол себепті біз­ге де шара қолдану керек. Әлбетте, Қа­зақ­стан жаһандық ауқымдағы көшбас­шы­лыққа таласпайды. Бірақ өркениет көшінен қал­май, технологиялық жаңғыруды жыл­дам­дату қажет. Ойланып-толғанып жүруге уақыт аз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдағы кә­сіп­керлікті өркендетуге баса мән беру керек еке­нін және ауыл шаруашылығы коопера­тив­терін дамыту қажет екенін тілге тиек етті. 

– Осы бағытта біршама жұмыс ат­қа­рыл­ды. Оның пайдалы екені де көпшілікке бел­гілі. Алайда бірлескен шаруашылықтар әзір­ге ауыл экономикасының тірегі бола ал­май тұр. Көбіне мұндай кооперативтерді бір­неше адам ғана құратыны жасырын емес. Олар жеке шаруашылық иелері және өнім өңдеушілер арасында делдал болып жүреді. Соған қарамастан мемлекеттен жеңіл­діктер алады. Рас, мұндай теріс әре­кет­терге тыйым салынбаған. Бірақ бұл ауыл хал­қының әл-ауқатын арттыруға кедергі кел­тіреді. Бірлестік (кооператив) құру бүкіл ел бойын­ша жүргізілуі керек. Сонда ғана ауыл­­дағы ағайын бұл жұмыстың игілігін кө­ре­­ді. Жеке шаруалар біріге алмаса, мем­ле­кеттің ауыл шаруашылығын дамыту жо­лын­дағы бар еңбегі зая кетеді. Сондықтан бұл жұ­мысты белсенді түрде қолға алуымыз қажет.  

«Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін да­мыт­қысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүм­кіндік беруде. Жоба аясында екі жыл­дың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашыл­ды. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бө­лінеді, – деді Президент.

Осы тұста Мемлекет басшысы ауылды да­мыту үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік кор­по­рацияларының әлеуетін кеңінен пай­да­лануды тапсырды. 

– Қазіргі таңда бұл корпорациялардың ауыл экономикасына еш көмегі тимей тұр. Мен Жолдауымда әлеуметтік-кәсіпкерлік кор­порацияларды толыққанды даму институтына айналдыру туралы тапсырма бер­дім. Үкімет және Президент Әкімшілігі бұл жұмыспен айналысып жатыр. Нақты нә­тиже күтемін. Осы корпорациялардың жә­не «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының ре­сурстарын ауыл бизнесіне қажетті инфра­құры­лымды жетілдіру үшін жұмсаған абзал. Көптеген аймақта мал бор­дақы­лайтын жә­не мал соятын орындар тапшы. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін өн­діру, сақ­тау, тасымалдау, өткізу ісімен ай­налысатын және ауыл шаруашылығы тех­никасы мен жаб­дық­тарын жөндеп, қызмет көр­сететін сервистік дайындау орталықтары жетіс­пейді.

Ал оңтүстік өңірде суару арналары мен ир­ригация жүйелеріне қатысты мәселе – өте өзекті. Тиісті инфрақұрылым болса, әкім­­дердің жергілікті бизнесті қолдауға және инвестор тартуға мүмкіндігі артады. Бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізу үшін Аймақтық стандарттар жүйесіне өзгерту ен­гізу қажет. Жалпы, Үкімет ауыл эко­но­ми­касын жандандыру үшін нақты ұсы­ныс­тар әзірлеуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент биылғы Жолдауында бір па­латалы Парламент құру туралы бастама кө­тергенін сөз етті. Мемлекет басшысының ай­туынша, бұл осыған дейінгі саяси өз­герістердің заңды жалғасы деуге болады. 

– Біз «Күшті Президент – ықпалды Пар­ла­мент – есеп беретін Үкімет» қағидатын ор­нық­тыра түсеміз, яғни еліміз Пре­зи­дент­тік Респуб­лика болып қала береді. Жаңа бас­тама қоғамда қызу талқы­ла­нып жатыр. Пар­ламенттің құрылымына қа­тысты көп­те­ген ұсыныс келіп түсуде. Мы­­салы, депу­таттардың саны халық са­ны­на сәйкес, яғни пропорционалды болуға тиіс деген ойлар айтылуда. Мұндай ұста­ным­мен қарайтын болсақ, олардың саны 200 адамға жетеді. Қазір қос палатада 148 де­путат бар. Парла­мент­тік реформа – екі па­латаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Меніңше, депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оң­тайландыру ке­рек, Парламенттің жұмысын же­тілдіру қа­­жет. Мысалы, бір палаталы жаңа Пар­ла­мент­те Президент квотасы болмайды. Бар­лық депутаттар бірдей тәртіппен сай­лануы қажет. Бұл – алдағы Парламенттік ре­форма аясында жасалатын аса маңызды қадам. Мұ­ны жақсы ұғынып, жұртшылыққа кеңі­нен түсіндіру қажет, – деді Мемлекет бас­­шы­сы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев заң шығару ор­га­нына білікті әрі тәжірибелі мамандар, яғни өз ісінің майталмандары келуге тиіс еке­нін айтты. 

– Біз нағыз кәсіби Парламентті жасақ­тауы­мыз керек. Жаңа комитеттер құру мә­се­лесін қарастыру қажет. Цифрландыру, ай­­­­­мақтарды дамыту жұмысымен айна­лы­сатын комитеттер өз алдына бөлек болғаны жөн деп санаймын. Бұл мәселелерді арнайы жұ­мыс тобы мұқият зерделейді. Осы ре­фор­маға қатысты басқа да көптеген ұсыныс бар. Соның бәрін әбден пысықтап, кейін жа­риялаймыз. Менің де осы аса маңызды ре­форма бойынша ұсыныстарым бар. Жал­пы, Конституциямызға енгізілетін түзету өте көп болуы мүмкін. Сондықтан референ­дум барысында халық жаңа Ата Заңға дауыс беретін болады деп айтсақ, қателеспейміз. Осындай күрделі, жауапты жағдайда елі­мізде тыныштық, тұрақтылық болуы керек. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын бәріміз бір қоғам болып сақтауымыз керек. Құқық қорғау органдары өз кәсібилігін көрсетуі қажет. Арандатушыларға немесе «лас, кө­леңкелі» саясатпен айналысқысы келетін адам­дарға жол бермейміз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет әр­дайым ауылды қолдайтынын, себебі ауыл  ұл­тымыздың өзегі екенін жеткізді. 

– Біз бүгін ауылға қатысты көптеген маңыз­ды мәселені көтеріп, нақты міндет­терді айқындадық. Алдымызда тұрған мін­деттің бәрін сапалы әрі жүйелі орын­дасақ, мақ­сатымызға жетеміз. Ауыл өмір сүруге қо­лайлы, еңбек етуге жайлы болуға тиіс. Ауыл әкімі осы өте маңызды жұмыстың ба­сы-қасында жүреді. Бүгін әкім Жанар Нұрмұратқызы «Таза Қазақстан» қозғалысы жөнінде өте өзекті мәселе көтерді. Оған ал­ғыс айтамын. Мемлекеттік саясатты ха­лыққа жеткізетін де, елдегі өзгерістердің, ат­қарылып жатқан ауқымды жұмыстың мән-маңызын жан-жақты түсіндіретін де – әкімдер. Мен Сіздерге зор үміт артамын. 

Әкімнің ең басты міндеті – тұрғын­дар­дың тұрмыс сапасын арттыру. Ауылдағы ағайын­ның әл-ауқаты жақсарса, ауылдары­мыз да көркейеді деген сөз. Сіздер ауылды өркендету үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін. Ауыл халқы елімізді дамытуға зор үлес қосуда. Мен осы сәтті пайдаланып, бар­лық ауыл тұрғындарына зор алғыс айта­мын. Мемлекет әрдайым ауылды қолдайды. Себебі ауыл – ұлтымыздың өзегі. Ауылды жаңа көзқараспен, озық оймен, жаңар­тыл­ған тәсілдермен бірге дамытуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент жиынға ауыл әкімдерімен қа­тар, Үкімет мүшелері және облыс әкім­дері қатысып отырғанын айтып, Үкіметке эко­номиканы сауықтыру үшін Ұлттық банк­пен, Қаржы нарығын реттеу және да­мыту агенттігімен бірлесіп, нақты шаралар қа­былдауды тапсырғанын еске салды. 

– Өткен аптада үш жылға арналған Мак­роэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бір­лескен іс-қимыл бағдарламасы қабыл­дан­ды. Құжатта көрсетілген шаралар сапа­лы әрі уақытылы орындалуы керек. Бұл жұ­мысқа облыс әкімдері белсене атсалысуға тиіс. Нақты ойластырылған ұсыныстарды Үкі­метке енгізуге рұқсат беремін. Алды­мыз­да тұрған басты мақсаттар: эконо­ми­каның тұрақты, сапалы өсімін қамтамасыз ету қажет; инфляцияны төмендетіп, халық­тың табысын арттыру арқылы тұрмыс жағ­дайын жақсарту қажет; жеке секторды да­мытып, өндірісті жандандыру керек; дайын өнім экспортын көбейту қажет.

Мемлекетіміздің алдында әлі де көп­те­ген сынақ пайда болуы мүмкін. Қазіргі таң­да әлемдегі ахуал тұрақты емес, келешегі бұлыңғыр деуге болады. Кейбір елдердің егемендігі, жерінің тұтастығы әлі толық ше­шілмеген, тіпті бұл мәселе халықаралық дау­лардың өзекті тақырыбына айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымының беделі әлсіреп кетті, жаһандық экономика да құбылмалы күй­де. Сондықтан бәріміз бір ұлт болып, қы­ра­ғылықты сақтауымыз керек, жас ұр­пақ­қа қамқорлық көрсетіп, дұрыс тәрбие беруі­міз қажет, ішкі даулардан аулақ болып, ын­ты­мақ-бірлігімізді нығайтуымыз керек. Жал­­пы, бәрімізге ортақ аса маңызды міндет – ел мүддесіне тиімді қызмет ету. Қазақстанның егемендігі, дербестігі, тәуелсіздігі – бәрінен қымбат. Бұл – ұлтымыздың алдында тұрған ең биік мақсат. Мен ел Президенті ретінде бұл мақсатты орындау үшін барлық күш-жі­герімді саламын, – деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.