Әнші Instagram парақшасында халыққа алғысын жариялаған.
«Алтын Қазаққа алғысымыз шексіз»: Мейрамбек Бесбаев жан тебірентер жазба жариялады
instagram.com/m_besbaev
421
оқылды

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram парақшасында халыққа алғысын жариялады.

Ардақты ағайын! Өздеріңіздің көз алдарыңызда құрылып, өсіп, жетіліп, жігіттік жас – 25-ке келген “МузАРТ” тобының мерейтойы дүркіреп өтті. Байтақ Отанымыздың барлық өңірлерінде өткен мерейтойлық концертімізге періште көңіл тыңдармандарымыз қуана келіп, баталарын беріп тарасты. “МузАРТ” әлі өзінің мұзарт шыңында тұрғанына кезекті рет көзіміз жетіп, мерейіміз тасып, төбеміз көкке жетті!

Біздің қуанышымызға арнайы келіп құттықтаған, бізбен қосылып ән шырқаған, бізге телегей теңіз қошемет көрсеткен Алтын Қазаққа алғысымыз шексіз!