Комиссия құрамына Парламент депутаттары, көрнекті ғалымдар, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, медиа-сарапшылар және бизнес өкілдері кірді.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 1700 өтініш түсті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
122
оқылды

Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жастарға жан-жақты қолдау көрсету Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік саясаттағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – дарынды жастарды анықтауға бағытталған Президент бастамаларының бірі.

Комиссия құрамына Парламент депутаттары, көрнекті ғалымдар, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, медиа-сарапшылар және бизнес өкілдері кірді. Аида Балаева комиссия әділ шешім қабылдағанына сенім білдірді.

Комиссия қорытындысы нәтижесінде 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді.

Грантты табыстау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласында өтеді. Жеңімпаздарға жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, биыл барлығы 1700 өтінім түсті. Оның ішінде 1622 өтінім қабылданды. Атап айтқанда, «Бизнес» бағыты бойынша – 796, «Ғылым» бағыты – 138, «Мәдениет» бағыты – 152, «Ақпараттық технология» бағыты бойынша – 211, «Медиа» бағыты – 154, «Волонтерлік» бағыты бойынша – 171 өтінім.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.