Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында еліміздегі тұрғын үй заңнамасының проблемалары талқыланды.
Қоғамдық палата тұрғын үй заңнамасын қарады
77
оқылды

Айдос Сарым­ның төрағалығымен өткен жиынға Мәжіліс депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, тиісті мемлекеттік органдардың өкіл­дері, «Отбасы банкі» АҚ басшылары, салалық қауымдастықтар жетек­шілері мен сарапшылар қатысты. 

Отырыста Айдос Сарым тұрғын үй саласының ау­қы­­мы кең екенін, ол жаң­ғыр­туды қажет ететінін атап өтті. Кейбір санатқа жа­татын азаматтарға бас­пана бөлу, тұрғын үйді жал­ға алуды және жалға алу­шы­лардың құқықтарын қор­ғау, сондай-ақ үлескер­лер­дің, құрылыс салушы­лар­дың және тұрғын үй қо­рын басқару мәселелері бар екенін айтты. Қоғам­дық палата төрағасы әріп­те­с­терін қолданыстағы заң­наманы жетілдіруге, тұр­ғын үй саласындағы жүйе­лі құ­қықтық мәселе­лер­ді шешу жөнінде нақты ұсы­ныстар енгізуге шақыр­ды.

Отырыста баяндама жа­саған Өнеркәсіп және құры­лыс вице-министрі Қуан­дық Қажкенов 2023-2024 жылдары елімізде 36,9 млн шаршы метр тұрғын үй пай­далануға берілгенін, сөй­тіп Президенттің сай­лауалды бағдарламасын орын­дау жоспары 6,1 млн шар­­шы метрге асыра орын­­далғанын жеткізді. 

Қоғамдық палатаның мүшесі, «Қазақстанда пар­ламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті Зәу­реш Батталова салалық заң­наманы жетілдіруге қа­тыс­ты өз ұстанымын біл­дірді. Ол қазіргі заңнамада ба­залық ұғымдар айқын­дал­маған, баспаналы болу құқын іске асыру тетіктері жет­­кіліксіз, ал тиісті ве­домстволардың жұмы­сын­да өзара үйлесім жоқ деп санайды.

Отырыста «Отбасы бан­­кі» АҚ басқарма төра­ғасы Ләззат Ибрагимова баян­дама жасады. Ол са­ланы ре­формалауға қатыс­ты ен­гізілген түзетулер ая­­­сында Қазақстанда қа­лып­тасқан тұрғын үй сая­са­тын іске асырудың қазір­гі жай-күйі мен проб­ле­­ма­лық аспек­ті­лерін атап өтті.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау ми­нистр­лігі Халықты әлеу­мет­тік қорғау саласындағы рет­теу және бақылау ко­митетінің төрағасы Илья Скуб азаматтар мен қоғам­дық бірлестіктердің өтініші негізінде тұжырымдалған бірқатар ұсынысты ортаға салды. 

Отырыста экономист, DESHT зерттеу орталы­ғы­ның басшысы Қуаныш Жайықов, Мәжіліс депу­таты Ирина Смирнова, сон­дай-ақ Қоғамдық пала­таның өзге де мүшелері мен отырысқа қатысу­шы­лар тұрғын үй заңнамасын же­тілдіру бойынша өз ұсы­ныстарын жеткізді.