Ол уақытта актер заңды некеде болған және үш баласы бар отбасылы адам еді.
«Шындық халыққа жетті»: Дәурен Айдарқұлов бір мезгілде екі отбасымен қатар өмір сүргенін ашық айтты
177
оқылды

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов “Zamandas” подкастында берген сұхбатында өміріндегі ең даулы кезеңдердің біріне тоқталып, бір уақытта екі әйелмен қатар отбасылы болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Актердің айтуынша, сол кезеңде ол алғашқы жарымен ресми некеде тұрған, ал екінші әйелімен діни неке арқылы байланысқан. Айдарқұлов екінші жарымен фильм түсірілімі барысында танысқанын жеткізді. Ол уақытта актер заңды некеде болған және үш баласы бар отбасылы адам еді.

“2016 жылы Ақбота-Нұр Абайқызымен фильмге түсетін болдық. Бұл оның алғашқы фильмі болғандандықтан, екеуміз жеке дайындалып жүрдік. Сол кезден бастап арамызда сезім пайда болды, кейінірек түсірілім барысында одан сайын жақындаса түстік. Астанадан жаңа пәтер алған едім, бірінші әйеліме оның кілтін беріп, қалағандай етіп құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат бердім, ол ешнәрсені түсінбей қуана-қуана кетті. Бұл әрекетке әдейі бардым десем де болады. Ақбота-Нұр менің үйленген ер азамат екенімді білді”, – деді ол.

Ол Ақбота-Нұрбайқызымен екінші неке қиылғаннан кейін ғана бұл жағдайды бірінші жарына хабарлағанын жеткізді.

“Уақыт өте қарым-қатынасымыз туралы бірінші әйеліме айтамыз деген шешімге келдік. Сөйтіп оған қоңырау шалып, екінші рет үйленгенімді, оның жүкті екенін айттым. Ол бірден Алматыға қайтып келіп, арада жанжал басталды. Біршама уақыт өткеннен кейін бірінші әйеліммен қарым-қатынасымды түзедім. Ол менің ажыраспайтынымды түсініп, бәрін бұрынғыдай қалдыруға келісті, бірақ жұрт бұл туралы білмеуі керек деп шарт қойды. Алайда кейінірек бәрібір шындық халыққа жетті”, – дейді ол.