Мектептерде мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуге уақытша шектеу қойылды.
Елордада тұмауға байланысты мектептерде шектеулер енгізілді
Фото: iStock
116
оқылды

Астанада оқушылар арасында тұмау жағдайларының көбеюіне байланысты сақтық шаралары күшейтілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қабылданған қаулыға сәйкес, егер сыныптағы оқушылардың 30 пайызы ауырса, білім беру процесі қашықтан оқыту форматына ауысады.

Мектептерде балалардың денсаулығы күн сайын бақылауға алынып, тұмау белгілері байқалған оқушылар дереу үйлеріне жіберіледі. Сонымен қатар мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуге уақытша шектеу қойылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.