38 жастағы ер адамның суициді бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Атырауда ер адам көпірден секіріп, көз жұмды
345
оқылды

Қайғылы оқиға 8 желтоқсан күні болды. Куәгерлердің айтуынша, бір адам орталық көпірден секірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері ер адамның тіршілік белгілері болмағанын анықтады. Жедел әрекетке қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 38 жастағы ер адамның суициді бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары тергеу мүддесіне байланысты өзге деректер әзірге жарияланбайтынын мәлімдеді.

Баян Жанұзақова