Форум барысында бүкіл әлем бойынша 1 000 банк қамтылған ауқымды зерттеу нәтижелері жарияланды. Жиында төрт негізгі категория бойынша – цифрлық банкинг, тұрақты даму және инклюзивтілік, бизнес-банкинг және бизнесті қаржыландыру (Business Financing) – аймақтық және жаһандық жеңімпаздар анықталды.
Жарияланған TOP 20 SME Banks 2025 рейтингіне сәйкес, Halyk Business Financing санаты бойынша Қазақстанның үздік банкі атанды. Бағалау барысында шағын және орта бизнесті (ШОБ) қаржыландыруға арналған өнімдер (кредиттік өнімдер, қаржылық лизинг, факторинг), қызмет көрсету сапасы және ШОБ-қа қолжетімді қаржылық қолдау құралдары қаралды.
«Әлем бойынша ШОБ саласына маманданған агенттіктен алынған бұл мойындау біздің кәсіпорындармен және бухгалтерлермен жұмыс істеуде банктік индустриядағы көшбасшылығымызды тағы бір рет растайды. Біз үшін күн сайын көбірек микрокәсіпорындардың, бухгалтерлер мен қаржы директорларының біздің жаңа серіктестерімізге айналуы маңызды – олар мемлекеттік қолдау бағдарламаларын пайдаланады, кепілдіктер алады, өз қызметтерін тек 10 миллионнан астам бөлшек тұтынушыларымызға ғана емес, сонымен қатар экономиканың ірі кәсіпорындарына да ұсынады», – деді Halyk басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дәурен Сартаев.
SME Banking Agency – Лондон, Киев және Вена қалаларында кеңселері бар, ШОБ сегментінде ақпараттық-аналитикалық және стратегиялық консалтингтік қызметтер көрсететін еуропалық компаниялар тобы. Агенттік рейтингті қалыптастыру кезінде соңғы 12 айдағы шағын және орта бизнес сегментін талдау мақсатында 100-ден астам параметр бойынша сараптамалық бағалаулар жасайды. Бағалаулар қоғамдық ақпаратқа және банктерге арналған сауалнамаларға негізделген, әсіресе қызметтердің сапасы, кредиттік шешімдердің инновациялық деңгейі және ШОБ-қа қолдаудың даму динамикасына ерекше назар аударылады.