Жуырда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдер мен негізгі есептік көрсеткіштер көлемі өзгереді.
2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңгені құрайды. Бұл 2025 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 393 теңгеге жоғары. Тіршілік минимумының көлемі де өсіп, 50 851 теңге болды.
Зейнетақы төлемдері де артып отыр. Базалық зейнетақы 35 596 теңгеге, ал ең төменгі зейнетақы 69 049 теңгеге жетті. Бұл 10 пайыздық өсім есебінен жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар, мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне азаматтар үшін өз атынан төлейтін жарнаның мөлшері сақтандыру жарнасы есептелетін табыстың 2 пайызы болады.
Айта кету керек, ең төменгі жалақы көлемі 2026 жылы өзгеріссіз қалып, 85 000 теңге болып қала береді.
Бұл өзгерістер қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған және елдегі инфляциялық үрдістер ескерілген.