Парламент Сенатында Сенаторлар кеңесінің мүше­сі, Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтын­баев­тың 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Халық Қаһарманын құттықтады
142
оқылды

Мерейтой иесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан елге сіңірген еселі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы табыс етілді. Оны Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев салтанатты түрде тапсырды.

«Қазақстан Республикасы Президен­тінің Құрмет грамотасы Халық Қаһар­маны, «Қарулы Күштер ардагерлері» рес­публикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, армия генералы Мұхтар Қапаш­ұлы Алтынбаевқа Қазақстанның Қарулы Күштерін қалыптастыруға, еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігін нығайтуға қосқан ұзақ жылғы қажырлы еңбегі және жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі белсенді қоғамдық қызметі үшін тапсырылды», – делінген грамотада.

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде ел-жұрт Мұхтар Алтынбаевты тә­уел­­сіз Қазақстанның қорғаныс жүйесін қалып­тастыруға үл­кен үлес қос­қан көрнекті мемлекет қайраткері, армия генералы ретін­де ерекше құр­меттейтінін атап өтті. Ол Мұхтар Қапашұлының бас­шылығымен еліміздің Қарулы Күштерін жаңғырту, халық­ара­лық әскери ынтымақтастықты жолға қою және кәсіби ар­мия қалып­тас­тыру бағытында ауқымды жұмыс ат­қарылғанын айт­­ты. Сондай-ақ қайрат­кердің еңбек жолы парламентаризм ин­с­­ти­­тутымен де тығыз байланысты екеніне мән берілді.

«Мұхтар Қапашұлының ел дамуына қосқан үлесі әскери қызметпен шек­телмейді. Ол Сенат депутаты бола жүріп, мемлекеттілікті нығайтуға және қоғамды дамытуға арналған заңдардың қабылдануына белсенді атсалысты. Бүгінде Мұхтар Алтынбаев «Қарулы Күштер ардагерлері» ұйымын басқарып, өмірін елді қорғауға арнаған азаматтарға қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар Сенаторлар кеңесінің мүшесі ретіндегі белсенділігін де ерекше атап өткен жөн», – деп Мәулен Әшімбаев мерейтой иесіне зор денсаулық және бақ-береке тіледі.

Іс-шара барысында Мұхтар Алтын­баевты әріптестері, Сенаторлар кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, әскери қызметтегі достары құттықтап, жылы лебізін айтты.