Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXХIX сессиясында шаһар басшысы жаңа стадион құрылысы жайында сөз қозғады.
Стадион сыйымдылығы ұлғаюы мүмкін
156
оқылды

– Президент тапсырмасына сәйкес, халықаралық стандарттарға сай жаңа стадионның құрылысы жалғасады. Қазір оның сыйымдылығын  35 мың орыннан 45 мыңға көбейту мәселесі қарастырылып жатыр. Құрылысты 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, – деді Дархан Сатыбалды.

Бұған дейін қала әкімі   35 мың көрерменге есептелген, UEFA-ның 4-санат талабына сай келетін жаңа стадион құрылысы басталатынын ресми мәлімдеген. Стадион Құлжа мен Талғар тасжолының ортасында, шамамен 15 гектар аумақта бой көтереді. 

А.АЙДАРҚЫЗЫ