Арнайы жиында қаламгердің қазақ тілін дамытуға бағытталған еңбектері және олардың қазіргі лингвистикалық ғылым мен журналистикаға ықпалы талданды.
Астанада Міржақып Дулатұлының шығармашылығы талқыланды
Фото: gov.kz
157
оқылды

Ұлттық академиялық кітапханасында қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шара Міржақып Дулатұлының саяси-ағартушылық қызметін жан-жақты талдау мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар қаламгердің қазақ тілінің дамытуға бағытталған еңбектерін және олардың қазіргі лингвистикалық ғылым мен журналистикаға ықпалын талдады.

Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, алаштанушы ғалымдар, БАҚ өкілдері, жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттері қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.