Қырғызстанда өлім жазасын қайта енгізу мүмкін емес. Бүгін елдің Конституциялық соты осылай деп мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін ел президенті Садыр Жапаров балалар мен әйелдерге қатысты ауыр қылмыс үшін өлім жазасын қолдануды ұсынған болатын. Ұсынысты қараған сот жазаның бұл түрі адам құқықтары мен бостандығына қол сұғу және демократиялық мемлекет қағидаларына сай емес деген байламға келді.
Қырғыз елі 1998 жылы өлім жазасын қолдануды тоқтатып, 2010 жылы оған заң жүзінде тыйым салған.
Қыркүйекте жасөспірім қызға жасалған қанды қылмыстан кейін бұл мәселе қоғамда қызу талқыға түскен еді.