Геннадий Головкин мен Дархан Сатыбалды бірлескен бастамалардың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Геннадий Головкин Алматы қаласының әкімімен кездесті
158
оқылды

Алматы қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен қала әкімі Дархан Сатыбалдының жұмыс кездесуі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарын, сондай-ақ қаланың спорттық инфрақұрылымының қазіргі жағдайын талқылады.

Сонымен қатар жаттығу үдерісіне қолайлы жағдай жасау мәселелері де сөз болды. Геннадий Головкин мен Дархан Сатыбалды бірлескен бастамалардың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Тараптар ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған алдағы қадамдар жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Алматы қаласының ірі спорттық жобаларды жүзеге асырудағы әлеуеті жоғары екені атап өтілді.