13–14 желтоқсан күндері Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясы кубогінің финалдық кезеңі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жүлде қоры 150 000 АҚШ доллары болатын жоба аймақтарда боксты дамытуға бағытталған.
Федерацияның баспасөз қызметі мәліметінше, топтық кезеңнің қорытындысы бойынша шешуші сынға Астана, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Қарағанды және Маңғыстау облыстарының командалары жолдама алды.
13 желтоқсанда ерлер мен әйелдер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді (барлығы 15 салмақ дәрежесі). 14 желтоқсан күні үшінші және бірінші орындар үшін кездесулер жоспарланған.
Турнир Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.
Жарыстың басталу уақыты:
13 желтоқсанда спғат 11:30-да, 14 желтоқсанда сағат 12:00-де.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.