Жезқазған қаласындағы ауруханада кішкентай науқас жансақтау бөліміне түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қыз баланың анасы дәрігерлерді кінәлап, қызының әрі қарай ем алу үшін Астанаға жеткізілуін сұрап отыр.
Екі жастағы Алисаға қатысты үндеу жазылған видеоны белсенді Берік Жағыппаров жариялады.
"Мен, Кузьмина Альбина, кәмелетке толмаған екі жастағы қызымның анасымын. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүгініп, қызыма жан сақтау бөлімі мамандарымен бірге санавиация бөлуді, Астанаға жеткізіп, көмек көрсетуді сұраймын. Қызым алтыншы тәулік Жезқазған қаласындағы көпсалалы ауруханада, жансақтау бөлімінде ауыр қалде жатыр. Ешқандай жақсару жоқ. Қан құю жүргізіліп жатыр. Қызым өздігінен дем алуды да қоя бастады. Өмір үшін күресуге шамасы қалмады. Өтінемін, маған көмектесіңіздер, бізді алып кетіңіздер! Бір шара қолданыңыздар! Өтінемін! Мен енді кімге жүгінерімді білмеймін. Бәрі дәрігерлердің кінәсі мен салғырттығынан. Олар мен айқайлап, белгілерін айтып тұрсам да соқыр ішекті дер кезінде анықтамады. Мен көмек сұрап жан ұшырдым! Операция жасауды, аппендицитке тексеруді, УДЗ жасауды өтіндім", – дейді анасы.
Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Instagram парақшасында өзі және Денсаулық сақтау министрлігі қыздың анасымен байланыста екенін хабарлады.
"Барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр", – деп жазды балалар омбудсмені.