БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Жасқайрат ауылы маңынан 57 жастағы ер адамның мәйіті табылған.
«Үш адамның мәйіті табылды»: Батыс Қазақстанда боран кезінде жоғалып кеткендер іздестіріліп жатыр
218
оқылды

13-14 желтоқсандағы қатты боран салдарынан жоғалып кеткен тұрғындарды іздестіру жұмыстары Батыс Қазақстан облысында әлі де жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Жасқайрат ауылы маңынан 57 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

Сонымен қатар Бөкей ордасы ауданында 25 жастағы азамат пен Казталов ауданында 35 жастағы ер адамның қаза тапқаны анықталды.

Ал Ақжайық ауданында 54 жастағы ер адам аман-есен табылды. Бірақ оның аяқ-қолы үсіп қалған. Қазір ол Орал қаласындағы медициналық мекемеде.

 

– Қазіргі уақытта Жәнібек ауданында 59 жастағы тағы бір ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жұмыстарға төтенше жағдайлар қызметі, әскери бөлім, полиция және жергілікті атқарушы органдардан барлығы 48 адам мен 8 техника жұмылдырылды, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.