Геннадий Головкин мен Шавкат Рахмонов Көкшетауда бірге жүрген видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бокс аңызы Геннадий Головкин мен ережесіз жекпе-жектің жұлдызы Шавкат Рахмонов Көкшетау қаласында жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.
«Қазақтың Шавкаты өңірімізге қош келдіңіз», – делінген видео мазмұнында.
Айтулы іс-шарада еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов, Қаржы министрі Мәди Тәкиев, сондай-ақ басқа да шенеуніктер бой көрсетті.