Журналист өмірлік тәжірибесін бөлісіп, оқырманға ой салды.
"Менің қателігімді қайталамаңдар...": Ләйлә Сұлтанқызы жастарға кеңес берді
204
оқылды

Тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жастарға кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Журналист өмірлік тәжірибесін бөлісіп, оқырманға ой салды. 

«Анам үнемі “Қазір туатын уақыт. Бір келін кір жуады, бір келін ыдыс жуады, бір келін шаң сүртеді. Уақытында босанып ал, өзім қараймын” дейтін. Сол кезде тыңдамаған едім. Қазір шынымды айтсам, өкінем. Аллаға шүкір, ұлдарым аман-сау. Жастарға айтарым: менің қателігімді қайталамаңдар. Жұмыс, мансап, білім ешқайда қашпайды. Қаласаңдар, бәрін қатар алып жүруге болады. P.S. Суреттегі баланың бүгін тұсауын кестік. Оны эмбрион кезінен танимын», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.