Астанада Қазақстан бокс федерациясы кубогінің жүлдегерлері анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Финалға Шымкент пен Астана командалары шықты. Шешуші кездесуде шымкенттік боксшылар 9:6 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді.
ҚР ҰОК мәліметінше, үшінші орын үшін өткен кездесуде Қарағанды облысының құрамасы Маңғыстау облысының командасынан басым түсті.
Айта кетейік, жүлде қоры 150 000 АҚШ доллары болатын бұл жоба өңірлерде боксты дамытуға бағытталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.