Біржолғы әлеуметтік төлемнің көлемі 60 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.
Тәуелсіздік күніне орай біржолғы ақшалай төлем кімдерге берілмек
www.istockphoto.com
358
оқылды

Астанада Тәуелсіздік күніне орай азаматтардың жекелеген санатына біржолғы ақшалай әлеуметтік төлем қарастырылған. Бұл әлеуметтік көмек 1986 жылғы 16-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына көрсетіледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше:

 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) орай, “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” ҚР Заңына сәйкес ақталған, 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына 60 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көзделген».

Біржолғы ақшалай әлеуметтік төлемді қала әкімдіктері жүргізіп жатыр. Мысалы, Жетісу мен Қостанай облыстарында – 200 мың теңге, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау облыстарында – 220 мың теңге, сондай-ақ Ақмола облысы мен бас қалада да осындай сомма берілмек. Алматы қаласында – 250 мың теңге берілу көзделіп отырса, Қарағанды облысы 400 мың теңге бермек.