Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген Тәуелсіздік күнінде ерекше видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Бейнежазбада ол концерт залында әнші ағасы Димаш Құдайбергеннің орындауында Қазақстан Әнұранын тыңдап тұрғанын көруге болады. Қолын жүрегіне қойған ол Әнұранды бірге шырқаған.
«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! Қазақстан аты әлем төрінде шырқала берсін!», - деп жазды Раушан Құдайберген.
Бұл бейнежазбаға Димаш Құдайбергеннің әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдарманы жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.