Тексеру кездейсоқ жүргізілмегені анықталды.
«Telegram арқылы жұмыс істеген»: қолында психотроптық заты бар ер адам ұсталды
240
оқылды

Полиция қызметкерлері іс-әрекетінде күдік тудырған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тексеру кездейсоқ жүргізілмегені анықталды. 

Жеке тінту барысында одан изолентамен оралған, өсімдік тектес иісі бар екі орам табылды. Сонымен қатар полиэтилен пакет ішінде тағы да осындай он орам анықталды.

Ұсталған азаматтың айтуынша, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап ол Telegram мессенджеріндегі заңсыз есірткі және психотроптық заттардың айналымын ұйымдастыру үшін пайдаланылған арналардың бірі арқылы қылмыстық әрекетке тартылған. Оның сөзінше, «онлайн формат» жеңіл табыс көзі ретінде ұсынылғанымен, алайда іс жүзінде бұл қылмыстық жауапкершілікке алып келді.

Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы шамамен 20 грамм болатын тәркіленген зат псилоцин құрамындағы саңырау құлақтардың жеміс денелері болатын психотроптық зат екені анықталды.

Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз есірткі және психотроптық заттарды заңсыз дайындау және өңдеу белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта қосымша жедел-тергеу  шаралары жүргізіліп жатыр.

Полиция ескертеді: мессенджерлер арқылы ұсынылатын «жеңіл ақша» көбіне нақты жазаға және тағдырлардың бұзылуына әкеледі. Онлайн-анонимдік жауапкершіліктен босатпайды.