Бұл жетістік қазақстандық колледж студенттерінің жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновация саласында әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетеді.
Қазақстандық студент халықаралық BRICS чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
110
оқылды

Биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіби білім беру саласындағы жетістіктер жандана түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Соның жарқын дәлелі  қазақстандық студенттің BRICS Skills Development and Technological Innovation Competition чемпионатында жасанды интеллект бағыты бойынша алтын медаль иеленуі. 

Қазақстандық студент халықаралық беделді BRICS Skills Development and Technological Innovation Competition чемпионатында жасанды интеллект саласы бойынша алтын медаль жеңіп алды.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының жасанды интеллект бағытында білім беру ынтымақтастығы артып жатыр.
Көкшетау жоғары колледжінің студенті Ильяс Гатин  2nd Artificial Intelligence Deep Learning Application Technology Competition  халықаралық байқауында 1-орынға ие болды. Байқауға Конго, Камерун, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдерден келген 20 үздік студент қатысып, жасанды интеллект пен терең оқыту технологиялары бойынша озық жобаларын ұсынды.

Қатысушылардың кәсіби даярлығы, практикалық біліктілігі және инновациялық шешімдері халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары талаптар бойынша бағаланды.

Айта кетейік, Ильяс Гатин бұған дейін де бірқатар республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен. Ол WorldSkills Kazakhstan–2024 ұлттық чемпионатында «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша күміс медаль иеленген. Сонымен қатар ProIT командасының құрамында  Inform Defence Hackathon  хакатонында 1-орынды жеңіп алған.

Бұл жетістік қазақстандық колледж студенттерінің жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновация саласында әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетеді.