Қызылорда облысының эколо­гия мәселесі сөз болса, алдымен Арал өңірінің ахуалы ойға оралады. Шы­нында да, бір кездері несібесі артып, берекесі тасыған теңізді ай­мақ тұрғындарының қазіргі та­ла­бы өте өзекті.
Теңізге тамшы керек...
295
оқылды

Кейінгі кездері Арал теңізіне қа­тысты халықтың базы­на­­сы толастар емес. Күн санап қарт Аралдың күйі қашып, атакәсіптен береке кет­кеніне ашынып отыр. Теңізде де, аудан аумағындағы ірі-ұсақты көл­дерде де балық тапшы. Бұл бірін­ші кезекте аудан халқы­ның екі қолға бір күрек таппай, жұмыс іздеп, өзге өңірлерге са­былуы­на мәж­бүр етуде.

Ең қиы­ны, теңізді қалпына кел­тіруге сарп етілген қыруар қар­жының есе­бі ешкімнен сұралмай­ты­нына күйі­ніп отыр. Осының салдарынан ха­лықтың әлеуметтік жағдайы күн са­нап төмендеп, жеңілдіктерден қа­ғылып отырға­нын жеткізді. 

«Аралдың әлі күнге дейін эко­ло­гиялық апат аймағы екені бесе­не­ден белгілі. Мұны бәрі де біледі. Да­рияның қазірге деңгейі өте ая­нышты халде тұрғаны көпке мәлім. Со­ның салдарынан теңізге тамшы тамбай, жағдай бұрынғыдан да мүш­кіл тартып барады. Соған бай­ланысты халықты толғандырған тағы бір мәселе бар. Атап айтқанда, Арал өңіріндегі экологиялық апат­тан зардап шеккен халықты әлеу­мет­тік қорғау мақсатында 1992 жыл­ғы 30 маусымдағы №1468-XII «Арал өңіріндегі экологиялық қа­сі­рет салдарынан зардап шеккен аза­маттарды әлеуметтік қорғау ту­ралы» заңға қатысты наразылық туын­дап тұр. Алғашқы кездері осы заң аясында Аралға көп көмек бе­ріл­ді. Алайда 2000 жылдардан бас­тап әртүрлі экономикалық дағда­рыс жағдайына байланысты көп жеңілдік қысқартылып кетті. Бі­луі­мізше, бүгінде тек ауданның бюд­жет қызметкерлеріне 50 пайыз жеңілдік сақталып тұр. Ал жалпы ха­лықтың үлесіне ештеңе жоқ. Со­ған сәйкес, арнайы ұсынысымыз бар. Яғни, Президенттің 2009 жыл­ғы №829 Жарлығымен күші жойыл­ған немесе уақытша тоқ­та­тыл­­ған заң баптарын қайта қал­пы­на келтіруін талап етеміз. Ха­лық­тың қазіргі жағдайы мәз емес. Со­­ған сәйкес, елдің әлеуметтік жағ­­­­дайы бірінші кезекте ескерілуге тиіс», – дейді Арал жанашыры, қо­­ғам белсендісі Айжарық Ера­лиев. 

Теңіздің күйі қаша бастағаны Арал маңындағы алыс-жа­қын ауыл­дарға да сезіле бастапты. Оның ішінде ауданға қарасты Қа­ратерең ауылында биыл су тап­шы­лығы айқын сезіліп, төрт түліктерін суару қиындап кетіпті. Ауыл хал­қы­ның айтуынша, ауылдағы ірілі-ұсақ­ты көлдер тартылып, ұңғыма қазу қажеті сезіліп тұр. Бұл жайын­да ауыл, аудан әкімдігіне айтыл­ға­нымен, қаржы тапшылығын желеу етіп, халықтың талабы орындалмай келеді екен. 

Негізінен, кеңес кезеңінде бұл ауыл­да балық шаруашылығы қар­қын­­ды дамыған. Сол уақытта ауы­л­­да балық қабылдайтын және өңдейтін базалар үздіксіз жұмыс жүр­гізіпті. Күні кешеге дейін ауыл­дағы ағайынның теңіз маржанымен жан бағып келгенін айтады. Бірақ соңғы жылдарда теңіздегі ахуал ауыл­ға да салқынын тигізіп тұрға­нын жеткізіп отыр. 

«Негізінен, Қаратерең халқын жол мен су мәселесі мазалап келді. Биыл жол мәселесі шешілетін түрі бар. Ал су мәселесінің түйіні әлі күн­ге дейін тарқатылар емес. Яғ­ни, қолға ұстаған төрт түлік ма­лы­мыз­ды суару қиын болып барады. Нақ­ты айтқанда, былтыр жағ­дайы­мыз бұдан көш ілгері еді. Был­тыр малымызды суаруға  мүм­кін­дік болды. Биыл жағдай тіпті ушы­ғып, су тапшылығы сезіліп, ұңғы­ма қазу мәселесі туындап тұр. Көл­дер құр­ғап қалды. Осы мәсе­лені ескеріп, жуыр­да ғана Ақлақ су тоспасын жауып, ірілі-ұсақты көл­­дерге су жі­бергендей болған. Бірақ көп ұзамай су тоспасын қай­та ашып, қуанышымыз су сеп­кен­дей ба­сылып қалды. Бұрындары ауы­лы­мызда мал шаруашылы­ғы­нан гөрі балық шаруашылығы қар­қын­ды дамыған құтты мекен бол­ған еді. Алайда соңғы жылдарда көл­дердің күйі кетіп, балық аулау кә­­­­­сібінен береке қаша бастаған соң төрт түлі­гін түлетуге ниетті ха­­лық­тың қарасы қалыңдады. Ең қиы­ны, балық шаруашылығы қар­қынды дамыған өңір ретінде бұған дейін мал суаратын құдықтарға сұ­ра­ныс болған емес. Ал қазіргі жағ­дайда бір ұңғымаға зар болып отырмыз. Жергілікті әкімдікке осы мәселені талай мәрте жеткізгенбіз. Бірақ қаржы тапшылығын желеу етіп, халықтың талабы ескерусіз қа­лып келеді. Соған орай ауылы­мыздан екі жерден ұңғыма қазып берсе, төрт түлігін түлетіп отырған  ха­лықтың күнкөрісіне қолайлы жағ­дай жасалар еді. Бұған дейін Арал­ды құтқару қорының сексеуіл егу жо­басына сәйкес ауылымыздан скаважина қазылған болатын. Бұл бастама халықтың көптен күткен үмі­тін оятқан еді. Бірақ бүгінде ска­ва­жинаның сыртын қоршап, ауыл халқының пайдалануына тыйым салып қойды. Сондықтан ма­­лымызды суаруға жеке ұңғыма қа­зып берсе деген тілегіміз бар», – деп мұңын шақты ауыл тұрғыны Ғари­­фулла Еңсегенов. 

Арал өңірінің экологиялық мә­селесі мұнымен шектелмей тұр. Бір­неше жылдан бері аудан орта­лы­ғындағы аурухананың кәріз суы төгіліп жатқан аумақ көптің тал­қы­сынан түсер емес. Онсыз да эко­логиялық аймақтың зардабын тар­тып жүрген тұрғылықты халық «ен­ді ауаны кәріз суымен қолдан лас­тауға көшті» деп жергілікті би­лік­ке ашынып отыр. 

Халықтың пікіріне сәйкес,  жайылымнан қайтқан төрт түлігі қала шетіне төгіліп жатқан аурухананың кәріз суын ішіп жүр. Себебі  сарқынды су төгілген аумақ қоршалмай,  ашық-шашық күйде жатыр. Бұл жайында жергілікті әкім­­дікке сан мәрте шағым­дан­ға­ны­мен,  әзірге оң нәтиже болмай тұр­­ғанына наразы.  

Тұрғындар тілге тиек етіп отыр­­ған кәріз суын төгетін орын Арал қаласынан 5 шақырым жерде орналасқан.  Бұл аумақ сарқынды су төгетін орын болып белгіленгені­не біраз болғанымен,  тұрғындар ешқандай талапқа сай келмейтінін айтып отыр.  Әсіресе,  төрт түліктің  кіруіне ешқандай кедергі қойыл­мауы салдарынан өрістен қайтқан мал нәжіс төгілген аумақты жиі ай­налшақтап жүреді.  Ал қарқынды суды ішкен малдың сүті мен етін тұ­тынып отырған халық өз денсау­лығына алаңдаулы.  Ол аз десеңіз,  кәріз суына жақын тұратын жама­ғат күлімсі иістен тұншығып жүр­ге­нін алға тартады.  Әсіресе, жаз ай­ларында жағдайлары тіпті қиын­дап кететінін ашына жеткізді. Мә­се­лені Арал ауданы әкімдігінен сұрап көрген едік. 

«Аталған мәселеге орай бүгінде Арал қаласы бойынша кәріздің сырт­қы желісінің құрылысына ар­налған жобалық-сметалық құжат­тама әзірленіп, қаржысы бөлінді. 2024 жылы басталған құбыр тарту және көру құдықтарын монтаждау жұ­мыстары толық көлемде орын­дал­ды. Бүгінде құрылыс толық аяқ­талып, нысан биылғы жылдың 25 қыркүйегінде мемлекеттік қа­былдаудан өтті. Негізінен, құбыр ар­қылы жіберілетін сарқынды су­лар Арал қаласының батыс бөлігіне ба­ғытталады. Бұрыннан мәселе бо­лып келген Арал аудандық көп­бейінді орталық ауруханасының сарқынды сулары да енді сүзгілеу алаңы арқылы қала сыртындағы арнайы төгінді аймаққа бұрылады. Қазір аталған төгінді аймақты қор­шау жұмыстары басталып, оны жыл соңына дейін аяқтау жоспар­лану­да», – деп мәлімдеді бұл жайын­да Арал аудандық әкімді­гі­нен. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы