Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасына барды
3,099
оқылды

1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ғибадатхана түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің біріне айналдырған император Мейджиге арналған.

Кешенмен танысқан соң Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. 

«Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.