Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичидің офисінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.



Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.




