Сауда орындарының ескі банкноттарды қабылдаудан бас тартуы заңсыз әрі тұтынушы құқығын бұзу болып саналады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Ұлттық банк ресми түрде заңды төлем құралы болуын тоқтатқанын хабарлағаннан кейін ғана дүкендер мен дәріханалардың қабылдамауына болады.
Егер қолда ескі ақша қалса, екінші деңгейлі банк филиалдары мен «Қазпошта» бөлімшелері 3 жыл ішінде жаңа банкнотқа айырбастап береді. Ал Ұлттық банк мерзімсіз кез келген уақытта айырбастайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.