Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
"Мектепке тиесілі": Қосшыда оқушылар автобусы өртенді
www.istockphoto.com
109
оқылды

Астана маңындағы Қосшы қаласында оқушылар автобусы отқа оранды, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

Балалар көлігі қаладағы мемлекеттік мектепке тиесілі. Төтеншеліктер тілсіз жауды тез арада сөндірген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр сымның қысқа тұйықталуынан шыққан. Бұл туралы Қосшы қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Шахмардан Әзірбаев айтып берді.

"18 желтоқсан таңертең сағат 8:04 шамасында Қосшы қаласы мектептерінің бірінің аумағында тұрақта тұрған автобустардың бірі жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына дереу 35-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 13 жеке құрамы және 2 бірлік техникасы жөнелтілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақыт ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ", – деді ол.